+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Сығанақ қалашығынан алтын бұйымдар табылды

2019 жылғы 15 қазан 00:35
Бөлісіңіз:
Сығанақ қалашығынан алтын бұйымдар табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында орын тепкен Сығанақ қалашығында көне қорым орындарында қазба жұмыстары барысында ХІІІ-ХІV ғасырларға жататын алтын әшекей бұйымдар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шулыған шыңы туралы аңыз зерттеуді қажет етеді Қарағанды облысында аушы құстармен аң аулау бойынша турнир өтіп жатыр Түркістанда «Ясауитану- 2019» республикалық байқауы өтуде

Соңғы жылдары Сығанақ қалашығында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Археологтар көне қорым орындарын қазды.

Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова кезінде қазақ хандығының басты ордасы болған Сығанақты зерттеу жұмыстары жөнінде әңгімелеп берді.

«Бүгінде Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар жүзеге асып келеді. Аталмыш бағдарламаның «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша облыста өңірлік қасиетті орындар тізімі толықтырылды. Оған қоса республикалық «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиялық жинағына біздің облыстан жалпыұлттық 12 нысан, өңірлік 60 тарихи нысан ұсынылды. Сонымен қатар биыл облыстық бюджет есебінен Қышқала, Жанкент, Сығанақ, Сортөбе, Бәбіш мола қалашықтарына қазба жұмыстары жүргізілді. Биыл Сығанақ қаласында көне қорым орындары қазылды. ХІІІ-ХІV ғасырларға жататын алтын әшекей бұйымдар табылды. Қазір бұл дүниелер ғылыми сараптамаға берілді»,- деді Мира Әбуова.


Қазіргі таңда табылған тарихи орындар мен заттай экспонаттарға ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Сондай-ақ, басқарма басшысы келесі жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан үзінді, яғни концерттік нұсқасын қою жоспарланғанын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қызылордада жастарға Қорқыт ата мұрасы насихатталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT