Сыбайласы «лақтырып кеткен» тонаушы әйел ұсталып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталған оқиға АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Эверетт қаласында болған. Ерлі-зайыптылардың ұрлығы үйдің төбесіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат Atlanta WSB-TV сайтына сілтеме жасап.


Видеода көліктен бір келіншектің түскенін байқауға болады. Ал оның серігі көлікпен ақырын қозғала береді. Осы кезде ұры келіншек интернет-дүкен арқылы келген қорапты алып, көлікке қарай жүгіреді. Бірақ үйде отырған бала күтушісі оны көріп қалып, артынан қуа жөнеледі. Ұры қорапты машинаға тастап үлгерсе де, өзі мініп кете алмады. Себебі сыбайласы оқиға орнынан тайып тұрды.

Телеарнаның xабарлауынша, бала күтуші әйел ұры келіншекті қолға түсіріп, он минутта келген полицейлерге тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар