24.12.2022 14:42 Алматы облысында ArtSport арқылы пара алған шенеунік айыппұлмен құтылды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында ArtSport мемлекеттік бағдарламасы арқылы пара алған шенеунік пен кәсіпкер ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.12.2022 13:36 Ақтауда мәслихат депутаты қамқор болам деген желеумен «Каспий» клубынан ақша алып отырған АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.12.2022 20:09 Автожол құрылысы саласында 43 млрд теңге талан-таражға түскен АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің автожол құрылысы саласында 43,4 млрд теңге қаражаттың ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.12.2022 18:29 Талдықорғанда судья 5 жылға бас бостандығынан айрылды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорған қалалық сотының үкімімен алаяқтық жасағаны үшін Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Түменбаева 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.12.2022 09:09 Қазгеология мекемесінің басшылығы жалақыларын екі есеге көтеріп алған - Антикор АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ (мемлекеттің 100% қатысуы) басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.12.2022 21:30 Темір жол саласындағы жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілуде АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан темір жолы компаниясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияға сілтеме жасап.
21.12.2022 20:19 Талдықорғанда заңсыз берілген 46 пәтер әкімдік меншігіне қайтарылды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда заңсыз берілген 46 пәтерді қожайындары әкімдіктің меншігіне қайтарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.12.2022 13:31 Жамбылда пандемия кезінде бөлінген 21 млн теңгені жымқырған шенеуніктер сотталды ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Қордай ауданында шенеуніктер әлеуметтік осал топтарға коммуналдық төлемін төлеу үшін бөлінген қаржының 21 млн 600 мың теңгесін қалтасына басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.12.2022 16:46 «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» басшысы 4 жылға сотталды АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» КМК директоры Асқар Бекпағанбетов 4 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап.
19.12.2022 18:01 Ерлан Қарин Сыбайлас жемқорлықпен күрес комиссиясының отырысын өткізді АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
19.12.2022 15:50 Атырау облысында тұрғын үй құрылысына бөлінген бюджеттен 43 млн теңге жымқырылмақ болған АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында тұрғын үй құрылысынан 43 млн теңгені жымқыру тәуекелі анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.12.2022 19:11 Олжас Бектенов Президентке жемқорлардан қайтарылған ақша жайында есеп берді АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
15.12.2022 13:32 Сыбайлас жемқорлық: петропавлдық Батыр ана кезекпен күткен пәтерін былтыр алуы керек болған ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда көп жыл күткен кезегі келсе де, пәтерін ала алмай жүрген Батыр ана Тәуелсіздік күні қарсаңында баспаналы болды. Зейнеткер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгеннен кейін құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.12.2022 15:20 Мәжіліс квазимемлекеттік сектордағы жемқорлыққа тосқауыл қоятын құжатты мақұлдады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.12.2022 20:53 Бұрын жезөкшелікпен айналысқан адамдар АrtSport аясында балаларға сабақ берген АСТАНА. ҚазАқпарат - АrtSport бағдарламасын жүзеге асыру барысын тексеру кезінде 6 мыңға жуық баланы жалған тіркегені анықталды. Салдарынан 1,1 млрд теңге бюджет қаржысы жымқырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08.12.2022 21:34 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары қызметінің кез келген бағытында жемқорлық қаупі бар - Антикор АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары қызметінің кез келген бағытында жемқорлық тәуекелі бар. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.12.2022 17:59 ҚТЖ шенеуніктерінің пара сомасы айына бірнеше млрд теңгеге жетеді АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының жемқорлық тәуекелдеріне байланысты тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.12.2022 17:05 Еліміздегі 500-ден астам ақпараттық жүйенің 178-і ғана жарамды АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздегі 500-ден астам ақпараттық жүйенің 178-і ғана жұмыс істеп тұр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.12.2022 16:25 Ақмола облысында мектеп ғимаратын жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырғандар 7 жылға сотталды КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Еңбек-Аршалы» филиалының басшысы мен мердігер компаниялардың директорлары сыбайлас жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08.12.2022 15:55 Қарағанды облысында электр энергиясын жеткізушілер бағаны негізсіз көтермек болған АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында электр энергиясын жеткізушілер бағаны негізсіз көтермек болған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.