16.01.2023 23:14 Антикор шетелден қайтарылған 38 млрд теңгені қайда жұмсайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арқылы елге қайтарылған қаражат мектеп салу мен жөндеуге жұмсалмақ. Бұл туралы аталған ведомство төрағасының орынбасары Асхат Жұмағали мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.01.2023 13:50 Абай облысында шенеунік бір креслоны 38 млн теңгеден сатып алмақ болған СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында шенеунік бір креслоны 38 млн теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.01.2023 12:23 Ақмолада 50 млн теңгені жымқырған құрылыс басқармасы бастығының орынбасары сотталды КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Ақмола облысында құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.
12.01.2023 19:49 Жемқорлардан тәркіленген 120 млрд теңге білім беруді қолдау қорына түсті АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша тәркіленген 120 млрд теңге қаражат «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына» түсті. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.01.2023 13:31 Ақтауда медсақтандыру қоры филиалының директоры ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры филиалының басшысы Руслан Бектібаев қамауға алынды. Ол 17,5 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.01.2023 16:48 Журналист Тоқберген Әбиев кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған - Антикор АСТАНА. ҚазАқпарат - Журналист Тоқберген Әбиев Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.
08.01.2023 13:20 Алматыда жалған куәлікпен өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған тұрғын ұсталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өзін Антикордың қызметкері етіп көрсетіп келген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05.01.2023 16:23 СҚО-да жалған дипломмен ұсталғандардың көпшілігі мұғалімдер ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында былтыр жоғары оқу орнының жалған дипломын пайдаланудың 80 дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.12.2022 14:02 Кәсіпкерден сыйлыққа екі шырша алған шенеунік 1 млн теңге айыппұл төлейді КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Ақмола облысында 21 әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
30.12.2022 09:02 Темір жол саласындағы лауазымды тұлғалардың заңсыз байып кету схемасы әшкереленді АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚазТемірТранс лауазымды тұлғаларын заңсыз байытудың қылмыстық схемасы әшкереленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап хабарлайды.
29.12.2022 14:17 Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс: Басқа да эпизодтар тергеліп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Қайрат Сатыбалдыға қатысты ісі бойынша басқа да эпизодтар тергеліп жатыр. Бұл ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.12.2022 18:26 СҚО-да білім бөлімінің басшысы жемқорлық жөніндегі екі баппен күдікке ілікті ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Қазір ол қамауда отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.12.2022 15:51 Биыл 600 млрд теңгеден астам заңсыз активтер мемлекетке қайтарылды - Антикор АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 600 млрд теңгеден астам заңсыз активтер мен ақшалай қаражат мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28.12.2022 09:23 «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы қамауға алынды АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалының басшысы 11 млн теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
27.12.2022 14:37 Шымкентте полицей 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте полиция қызметкері 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.12.2022 12:04 Қазақ Қыздар университетінің бұрынғы ректоры мен оның туған ағасы 7 жылға сотталды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қарасай аудандық сотында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 9 гектар жерін жымқыру ісі бойынша бес сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.12.2022 11:10 Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев қамауға алынды АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26.12.2022 13:59 Қайрат Боранбаевқа тиеслі газ компанияның активтері бұғатталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.12.2022 13:22 Ұлттық орталық қызметкері мүмкіндігі шектеулі балалардың емі үшін ақша алған АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлық агенттігі Балаларды оңалту ұлттық орталығы қызметкерлерінің заңсыз ақшалай сыйақы алу фактілерін тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.12.2022 08:59 Кәрім Мәсімовтің інісі аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуда АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты тергеу ісі аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.