08.02.2023 11:17 Ақмола облысында электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге жымқырылған АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысында электрмен жабдықтау станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражаты жымқырылған. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
07.02.2023 16:48 Ақтөбе облысында медициналық сараптама бөлімінің басшысы мүгедектерден пара алып ұсталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.02.2023 15:43 Түркістан облысында аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тергеуді бастады.
07.02.2023 13:41 Қостанайда меморган жәндік улайтын 8 литр қоспаны 2 млрд теңгеге сатып алмақ болған АСТАНА. ҚазАқпарат – Қостанай облысында зиянды жәндіктерді улауға арналған 8 литр химиялық қоспаны 2 млрд теңгеден астам қаржыға сатып алмақ болған мемлекеттік органның әрекетіне шек қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
06.02.2023 19:45 Шымкент қалалық білім басқармасының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қалалық білім басқармасының лауазымды тұлғасы парамен ұсталды.
06.02.2023 11:35 Полицияға пара ұсынудың жазасы қандай АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек полиция өкіліне пара ұсынудың жазасы қандай екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.02.2023 11:00 БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жаңа басшы келді ОРАЛ. ҚазАқпарат – Әділхан Сабыров БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.02.2023 17:32 Тараз әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде - Антикор АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.
03.02.2023 16:11 100 млн теңге жымқырған 2 полицей сотталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 100 млн теңгеден астам қаражатты жымқырған полицейлер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.
02.02.2023 20:00 Нұрлан Мәсімовтің ісі қылмыстық сотқа қайтарылды ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Нұрлан Мәсімовтің ісі Павлодар мамандандырылған қылмыстық сотына қайтарылды. Мұндай шешімді Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
01.02.2023 20:46 Ақтөбеде жемқорлардан өндірілген қаржыға мектеп салынды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе обылсы Мұғалжар ауданындағы Құмжарған орта мектебі пайдалуға берілді. Бірнеше жыл бойы құрылысы тұралап қалған білім ордасын пайдалануға беру үшін жемқорлардан өндірілген қаржы жұмсалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.02.2023 12:02 СҚО-да әкімдік кәсіпкердің жылыжайына жарық бергізбей, әкімшілік кедергі жасаған ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда әкімдік бизнестің аяғынан шалу үшін жасанды әкімшілік кедергілер жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикор қызметіне сілтеме жасап.
01.02.2023 10:56 Ақтөбе әкімдігі кәсіпкерлердің жерді жалға алу мерзімін әдейі созбай келген АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жерді бизнеске жалға беру мерзімін ұзарту негізсіз созылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.
01.02.2023 10:06 Семейде коммуналдық мекеме екі жыл бойы кәсіпкерлерге ешқандай себепсіз жылу бермеген СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде коммуналдық кәсіпорын кәсіпкерлерді жылуға қосудан заңсыз бас тартқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикор қызметіне сілтеме жасап.
01.02.2023 09:46 Антикор кәсіпкер құқығын қорғайтын жобаны іске асыра бастады АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған «Бизнеске жол» жобасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.01.2023 13:14 Сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың әлемдік индексі жарияланды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Transparency International жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы 2022 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (CPI) жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.01.2023 17:52 Прокурорға пара бермек болған казино өкілі 2 айға қамауға алынды АСТАНА. ҚазАқпарат – Прокуратура қызметкеріне пара ұсынған казино өкілі 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап.
28.01.2023 09:18 Сайрам-Өгем ұлттық паркінің бас директорына жемқорлыққа жол берді деген күдік келтіріліп отыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бірқатар лауазымды тұлғаларына жемқорлыққа жол берді деген күдік келтіріліп отыр.
27.01.2023 11:32 Павлодарда «Қазпошта» филиалы директорының орынбасары ұсталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодарда «Қазпошта» филиалы директорының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 11:05 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Шымкент филиалының басшысы пара алғаны үшін ұсталды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысының пара алғаны анықталды.