22.02.2023 01:00 СҚО-да жеңілдетілген дизель жұмыс істемейтін шаруашылықтарға бөлініп келген ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жұмысын тоқтатқан шаруашылықтар есебінен жеңілдетілген дизель отынының көлемін арттыру фактілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.02.2023 00:31 Атырауда 13 серіктестіктен 23 млн теңге пара алған бас маман сотталды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көліктік бақылау инспекциясының бас маманы 13 серіктестіктен 23 млн теңге пара алған. Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.02.2023 21:30 Петропавл әкімдігі өз балансындағы пәтерлерге қатысты түсінік берді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген тексерістің қорытындысына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.02.2023 15:19 Экс-шенеунік Бақытгүл Хаменова Жоғарғы сотқа шағым түсіретінін айтты АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова Жоғарғы сотқа шағым түсіретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21.02.2023 14:21 СҚО-да мемлекеттік кәсіпорын балықтың келісін 12 мың теңгеден алмақ болған ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізіп, былтыр 2 млрд теңге бюджет қаржысын үнемдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.02.2023 13:48 Бақытгүл Хаменова ісі: Басқарма басшысы мен ЖШС директорының жазасы жеңілдеді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Экс-шенеунік Бақытгүл Хаменовамен бірге тергелген басқарма басшысы мен серіктестік директорына қатысты сот үкімі өзгерді. Оларға тағайындалған бұрынғы жаза мерзімі төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.02.2023 13:20 Петропавл көшелеріне қиыршық тас төсеуге бөлінген 5 млрд теңге желге ұшты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Петропавл көшелеріне қиыршық тас төсеуде қыруар қаражаттың тиімсіз пайдаланылғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.02.2023 09:56 ҚТЖ басшылығы бизнеске кедергі жасап, 1,5 млрд теңге залал келтірген - прокуратура АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
17.02.2023 16:54 Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында пара алды деген күдікпен Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары, сондай-ақ сол әкімдіктің бөлім басшысы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.02.2023 19:52 «Алтын орда» базарында саудагерлерден ақша жинап отырған полицейлер сотталды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - «Алтын орда» базарында саудагерлерден заңсыз ақша жинаған полицейлер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.02.2023 17:38 ҚазТрансОйл 13 млрд теңгеге тендер өткізу кезінде басы артық талаптар қойған АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас көлік прокуратурасы «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінде әлеуетті өнім берушілерге артық біліктілік талаптарын қою арқылы жасанды шектеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16.02.2023 16:42 Атырауда ТЖМ өңірлік департаментінің басшысы пара алу күдігімен ұсталды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры пара алу күдігімен ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.02.2023 14:39 «ҚазАвтоЖол» бір көзден 8,3 млрд теңгеге келісімшартты заңсыз жасаған - депутат АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол құрылысы саласында заң бұзу фактілері тоқтар емес және нормалар сақталмайды. Бұл туралы сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.02.2023 04:12 Атырау облысында кедергіге тап болған кәсіпкерлер Антикорға шағымданды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында кедергіге тап болған кәсіпкерлер Антикорға шағымданды. Оның бірі екі жылдан бері газға қосыла алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.02.2023 12:43 Автожол салуда көбіне белгілі бір мердігерлер тапсырыс алып отырған - Бас прокуратура АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары көлік жолдары саласының жай-күйін тексерудің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15.02.2023 09:50 Қостанай облысында цифрлық активтермен тыйым салынған қызметті жүзеге асыру фактісі анықталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында «KZobmen.com», «KZobmen Ltd» крипто айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың тағы бір фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
14.02.2023 11:43 Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық музейінің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды. Бұл туралы елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.02.2023 11:23 Антикор «Fokker-100» ұшағының апатына байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерінің үстінен «Fokker-100» ұшағының Алматы іргесіндегі апатына байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.02.2023 14:54 Алматы облысындағы медициналық және фармбақылау басшысы жүйелі түрде пара алған ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы жүйелі түрде пара алып тұрған. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.02.2023 19:11 Түркістан облысында 1842 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Түркістан облысында 1842 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Өркен Балажанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.