Сыбайлас жемқорлықпен күрес науқандық мәселе емес - Елбасы

None
None
p; Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Сыбайлас жемқорлықпен күрес науқандық мәселе емес. Бүгін төртінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясын ашу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы сессияда Парламент құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге, сыбайлас жемқорлық қылмыспен күресті күшейтуге бағытталған заң жобаларын қабылдауы тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күрес бұл кейбіреулер ойлағандай науқандық мәселе емес. Бұл біздің маңызды басымдылығымыз болып табылады. Соңғы кезде осы бағыттағы жұмыс белсене түсті. Бірқатар жоғары дәрежедегі шенеуніктер,  орталық министрлік пен ведомство басшылары, облыс департаменттері басшылары тергеуде отыр. Жалпы мемлекетімізде еліміздің қаржысына қол сұғып, жазалаусыз-ақ отыра беретін креслолар мен кабинеттер болмауы керек», деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізу барысында құқық қорғау органдарына заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне назар аудартты.  «Құқық қорғау органдары өз қатарларының таза болуын қадағалауы  керек. Осыған сәйкес тапсырманы Бас прокуратураға жүктеймін», деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар