Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп жұмыс істеу ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің Көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іздестіру және мүлікті тәркілеу жұмыстарының жетістігінде тәркілеу қағидаттары мен ақшаны қадағалау маңызды құрал болып саналады. Бұл тұрғыдан нақты тапсырма бар. Сондықтан оны сапалы орындау үшін басқа мемлекеттік органдардың, ақпараттық жүйелерімен, әсіресе Қаржылық мониторинг агенттігімен бірге белсенді жұмыс істеу керек», - деді Қауіпсіздік кееңесінің хатшысы.

Оның айтуынша, шенеуніктердің қысымына тап болған кәсіпкерлерден түсетін шағым азаймай отыр.

«Бизнесті бәрінен бұрын адал емес шенеуніктерден заңсыз килігуінен арашалау мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Кәсіпкерлерден пәрменді әкімшілік қысымнан зардап шеккені туралы шағымдар көп түсуде. Әрине, бұл жерде де адал кәсіпкерлер мен заңбұзушылар арасында теңгерім керек. Соның өзінде Мемлекет басшылығы бизнеске қолдау көрсетуді тапсырып отыр. Өздеріңіз білесіздер, жуықта ғана Президент рейдерлік үшін жауапкершілікті күшейтетін заңға қол қойды. Мұндай рейдерліктер көбінесе лауазымдық өкілетін пайдалану арқылы жасалады. Осыған назар аударуларыңызды сұраймын», - деді Президенттің көмекшісі.


Соңғы жаңалықтар