Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде ардагерлер кеңесі құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жемқорлыққа қарсы күресу мақсатын көздеген ардагерлерден құралған қоғамдық бірлестік пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 9 маусым күні әділет органдарында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігі тіркелді. Бірлестікті құрудағы мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен жемқорлықпен күресте бірігіп әрекет ету, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жас қызметкерлерін тәрбиелеуде ардагерлердің ақыл-кеңесіне жүгіну. Осы және өзге де мақсат-міндеттер жазылған бірлестіктің арнайы жарлығы да бар», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Рустам Ибраимов аталған агенттіктің Facebook парақшасында өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған бірлестіктің филиалы барлық облыс орталықтарында ашылады.

«Бүгінде облыс орталықтарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінде жаңа бірлестіктің жұмысы таныстырылуда. Осы сұрақ бойынша біз СҚО, Павлодар және Ақмола облыстарында болып, түсіндіру жұмысын жүргіздік», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар