+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды

2021 жылғы 6 мамыр 17:28
Бөлісіңіз:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отан қорғаушылар күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен үлгілі қызметі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне адалдығы үшін Сыбайлас жемқорлаққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновке II дәрежелі «Даңқ» ордені табыс етілді, ал төрағаның орынбасары Нұрлан Шабдарға 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы берілді.

Сондай-ақ, агенттік төрағасы Мемлекет басшысының атынан агенттіктің аппарат басшысы Қ.Жапақовқа, агенттіктің департамент басшысы М.Ахметовке, агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Сүлейменовке және агенттіктің басқарма басшысы Қ.Ахметқалиевке ІІ дәрежелі «Айбын» орденін салтанатты түрде табыс етті.

«Құрмет» орденімен агенттіктің департамент басшысы Л.Йылдыз, «Ерлігі үшін» медалімен агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі офицері Б.Төлебаев, «Ерен еңбегі үшін» медалімен агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Г.Тубаев және басқалары, барлығы 15 қызметкер марапатталды.

Бұдан басқа, агенттік төрағасының бұйрығымен үлгілі қызметі және жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ведомстволық наградалармен 83 адам марапатталды.

«Бүгін марапатталған қызметкерлер Елбасы мен ел Президентінің саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін атап өтілді. Бізге Отанымыз – Қазақстан Республикасын қорғауды өсиет етті. Сондықтан Сіздерге еліміздің және халқымыздың игілігі үшін, өз парыздарыңды абыроймен және мақтанышпен орындап, бұдан әрі де еңбектенулеріңізге тілектеспін», – деп атап өтті М.Ахметжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT