+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармация» қоймаларын тексерді

2020 жылғы 15 шілде 20:51
Бөлісіңіз:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СҚ-Фармация» қоймаларын тексерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Адалдық алаңы» және арнайы мониторинг тобының мүшелері «СҚ-Фармация» ЖШС Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы қоймаларына тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
1 млн науқасты қамтамасыз ететін дәрі-дәрмек сатып алынған СК-Фармация COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің 91 түрін сатып алған Қостанай облысына дәрі-дәрмектің кезекті партиясы жеткізілді

Ведомство мәліметінше, тексеру барысында аталған қоймаларда Covid-19 емдеу хаттамасында қолданылатын медициналық препараттар жеткілікті көлемде анықталған. Сондықтан агенттік Катардан келген гуманитарлық көмекті қоймадан Павлодар облыстық ауруханасына беру процесін тексереді. Гуманитарлық көмек жеке қорғаныс құралдары түрінде берілген.

Агенттіктің Шымкент қалалық департаменті Қытай Халық Республикасының гуманитарлық көмегінің қаладағы медициналық мекемелерде бөлінуін қадағалайды. Облыстық департамент медициналық препараттар бар қоймаларды тексереді.

«Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясынан келген гуманитарлық жүк Ақтөбе облысына түскен. Оны бөлу кезеңін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бақылауға алып отыр. Олар медициналық көзілдіріктер, медициналық қорғаныс костюмдері, хирургиялық қолғаптар, термометрлер және басқа да қорғаныс құралдары», - деп атап өтеді ведомстводан.

Маңғыстау облысына да Біріккен Араб Әмірліктерінен вирустан қорғану құралдары түріндегі гуманитарлық көмек жетті. Осыған орай облыс әкімдігі медициналық құралдарды бөлуді бақылау бойынша арнайы комиссия құрып отыр. Арнайы комиссияның құрамында агенттіктің «Адалдық алаңының» мүшелері бар.

«Гуманитарлық жүкті бақылау және жеткізу бойынша мұндай жұмыстар еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілуде»,- деп атап өтеді агенттіктен.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT