+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен қашқан шенеунік Текелі өзеніне ағып кете жаздады

2020 жылғы 9 шілде 16:11
Бөлісіңіз:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен қашқан шенеунік Текелі өзеніне ағып кете жаздады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысына қарасты Текелі ауданы әкімі аппаратының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Ол «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директорынан Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүргізіліп жатқан Текелі қаласының аумағын абаттандыруға қатыстыкелісімшарт бойынша қоғамның қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді», - деді тергеуші.

Оның айтуынша, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болған.

«Ол өзенге секіріп, оны жүзіп өту арқылы жасырынғысы келген. Сонымен бірге өзі өзенге ағып кете жаздаған. Алайда, оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері ұстады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», - деді Қайсар Баржақсынов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT