Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының үш орынбасары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне;

Шыңғыс Қайыпұлы Қабдула Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне;

Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.

Соңғы жаңалықтар