Сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілініп, іздеу салынған азамат Ресейде ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалау органы жасырынған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.

«Олардың көпшілігі қазақстандық сот төрелігінің қолы жетімсіз болу үшін елден тысқары жасырынып жүреді. Мысалы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің елордалық департаменті 2010 жылдан бастап сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті Болат Алтынбековты халықаралық іздестіруді жүзеге асырды», - деп жазды ведомство.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберіндегі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Қазақстан Республикасы ІІМ Интерполмен бірлесіп, Мәскеу қаласында Алтынбековті ұстап, қамауға алынды.

«Тергеу органдарынан жасырыну үшін ол өзінің тегін «Алтынбековтен» «Алшерге» өзгерткен. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі басталды», - толықтырылған хабарлама.


Соңғы жаңалықтар