+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Сыбайлас жемқорлық: Шымкентте мемлекетке 1 млрд 607 млн теңге өндірілген

2021 жылғы 23 қыркүйек 19:56
Бөлісіңіз:
Сыбайлас жемқорлық: Шымкентте мемлекетке 1 млрд 607 млн теңге өндірілген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге ықпал еткен 11 тұлға көтермеленген. Оларға сыйақы ретінде 2 млн теңгеге жуық ақша төленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайрам ауданында білімге жауапты бөлім басшысы мен мектеп директоры парамен ұсталды Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлеріне іріктеу жүріп жатыр Білім мекемесі бір дәптерді 95 мың теңгеге сатып алмақшы болған - Ақмола облысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаевтың айтуынша, әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізілуде.

«Ағымдағы жылдың 8 айында Департаментпен қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға 34 ұсыным енгізіліп, бүгінгі күнге оның 32-і қаралды. Қарау нәтижесі бойынша 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Талғар Серікбаев.

Жыл басынан бері департаментпен 63 қылмыс тіркеліп, оның ішінде 45 сыбайлас жемқорлық сипатында болған.

«Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін парақорлық және жымқыру фактілері құрайды. Жымқыру фактілері бойынша 17 және парақорлық фактілері бойынша 30 қылмыс тіркелді. Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау блогында- 13, құрылыс саласында 12, білім – 8, денсаулық сақтау – 7, салық және жер қатынастары салаларында - 3 қылмыстан тіркелген. Сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 29 тұлға әшкерленді. Тіркелген қылмыстық істер бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекет кірісіне 1 млрд 607 млн теңге өндірілген»,-дейді Талғар Серікбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT