Сыбайлас жемқорлық: Қызылорда облысында 6 ауыл әкімі жауапқа тартылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Биыл Қызылорда облысында 6 әкім сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін жауапқа тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен аталмыш тақырыпқа байланысты жиын өткізілді. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыстық департаменті, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері қатысвп, облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов төрағалық етті.

Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Ниязов «Жыл басынан бері облыста 6 кент және ауылдық округ әкімдері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған. Оның ішінде, 3 ауыл әкімі пара алғаны үшін, қалған 3-еуі қызметтік жалғандық үшін жауапкершілікке тартылды. Нақты айтқанда, Қазалы ауданының Басығара ауылдық округі, Шиелі ауданының Гигант ауылдық округі және Қызылорда қаласының Белкөл кенті әкімдері жер телімдерін беру үшін пара алған. Ал Арал ауданының Жақсықылыш кенті және Жаңақорған ауданының Шалқия, Төменарық елді мекендерінің әкімдері қызметтік жалғандық жасаған», - деді.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында облыстағы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың өзекті проблемалық мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар