+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Сыбайлас жемқорлық фактілері жиі тіркелетін меморгандар аталды

2021 жылғы 23 сәуір 18:00
Бөлісіңіз:
Сыбайлас жемқорлық фактілері жиі тіркелетін меморгандар аталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов сыбайлас жемқорлық қылмыстары жиі кездесетін меморгандарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұйғыр ауданында судья сотталушыны түрмеден құтқарам деп 12 млн теңге алған Қазақстанда жыл басынан бері 116 лауазымды тұлға пара алғаны үшін сотталған

«2021 жылдың бірінші тоқсанында Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 452 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның 76 пайызы сыбайлас жемқорлық фактілері. Аса ауыр құрамды қылмыстар саны өсіп отыр», - деді Н. Жақсымбетов онлайн режимдегі брифингіде.

Оның айтуынша, қылмыстардың басым бөлігі парақорлық пен жымқыру фактілеріне тиесілі.

«Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша 412 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соның арасында 42 адам, яғни 10 пайызы республикалық және облыстық деңгейдегі басшылар. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігін бұрынғысынша жергілікті атқарушы органдардың қызметкшілері, полиция және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері жасап отыр. Бұл өз кезегінде түсінікті жағдай, мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігі әкімдіктер мен ішкі істер органдарына тиесілі екені белгілі», - деді департамент басшысы.

Нұрлан Жақсымбетовтың сөзіне қарағанда, кедендік бақылау органдарының қызметкерлері арасында жемқорлық фактілері жиі кездеседі. Бұл салада 85 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, білім саласында 32 адам, денсаулық сақтау мен құрылыс салаларында 27 адам жазаланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT