+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Сыбайлас жемқорлық агенттігінің жұмыс істеу тәсілдері өзгереді

2020 жылғы 14 тамыз 19:52
Бөлісіңіз:
Сыбайлас жемқорлық агенттігінің жұмыс істеу тәсілдері өзгереді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс істеу тәсілдері өзгереді. Бұл туралы AntikorNews бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық банктер несиені қашықтан бере бастайды Қазақстанда пара алу бойынша қай өңірлер «көш бастап» тұр

Қазіргі уақытта Агенттікте төрағаның цифрландыру мәселелері бойынша көмекшісі - CDO (Chief Data Officer) жаңа лауазымы енгізілді. Оған Аслан Құсайынов тағайындалды.

«Менің міндеттерінің негізгі аясына цифрлық инновацияларды енгізу арқылы ведомство жұмысының тиімділігін арттыру, Агенттіктің технологиялық стратегиясын, корпоративтік коммуникацияларының қазіргі заманғы ортасын әзірлеу, оның ішінде жедел-тергеу қызметінде болжамды талдаух құралдарын енгізу кіреді», - дейді Агенттік төрағасының цифрландыру мәселелері бойынша көмекшісі Аслан Құсайынов.

Өз қызметінің тиімділігін арттыру және азаматтармен коммуникацияларды кеңейту мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Цифрлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» жобасын әзірледі.

«Жоба шеңберінде деректердің үлкен көлемін талдауға, коммуникациялық рәсімдерді жеңілдетуге және, ең бастысы, сыбайлас жемқорлықты жою мәселесінде жүйелі және жедел шешімдер қабылдау үшін болжамды талдауды енгізуге мүмкіндік беретін жүйені енгізу басталды», - дейді ол.

Жоба «I-Кримкарта» автоматтандырылған болжау-талдау жүйесін енгізуді, тиімді HR-технологияларды, азаматтардың өтініштерін қараудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануды және басқаларды қамтиды.

«Жобаның әр модулі өз міндеттері мен күрделі процестері бар дербес жүйе екенін атап өткен жөн. Мысалы, I-Кримкартаның болжамдық-талдамалық ақпараттық жүйесі модулі ведомстволық статистика, әлеуметтік зерттеулер, жасалған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша деректердің кең ауқымын қамтитын, белгілі бір өңірде сыбайлас жемқорлық көрінісін көрнекі көрсететін цифрлық карта жасауға бағытталған», - дейді Аслан Құсайынов.

Оның айтуынша, интерактивті деректер базасы әрбір елді мекен бойынша «бір рет басу» арқылы криминогендік жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.

«Осы жобаны іске асыру шеңберінде ведомстволық статистика мен есептерді қалыптастырудың бүкіл процесін автоматтандыру жоспарлануда. Бұл адам факторын азайтуға, есептерді дайындау уақытын 10 тәуліктен 5 минутқа дейін қысқартуға және криминогендік жағдайды онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT