Сыбайлас жемқорлығы үшін айыпталған 115 адам «Нұр Отан» қатарынан шығарылды - Жамбыл облысы

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысының қойған сыбайлас жемқорлықпен күрестегі міндеттерін орындауда жетекші күш болуы тиіс, деп атап өтті № 52 бастапқы ұйымының партия мүшелерімен өткен кездесуде Жамбыл облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының басшысы Кәрім Көкірекбаев.

«Партия мүшелерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа жол беру жағдайлары анықталды, сол себепті соңғы екі жылда 115 партия мүшесіне «Нұр Отанның» қатарынан кетуге тура келді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес 2015-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламамен рәсімделіп, партия қызметінің басты міндеттерінің бірі болуда», - деп атап өтті К.Көкірекбаев.

Аймақ басшысы облыстың бастапқы ұйымдарына партия мүшелерінің адамгершілік болмысына, қоғам алдындағы жауапкершілігіне, сондай-ақ әлеуметтік және саяси сауаттылығына назар аударуға кеңес берді. «Қазақстан басты міндеті барлық азаматтардың әл-ауқаты мен заңды мүлтіксіз орындауы болып табылатын әлеуметтік бағытталған мемлекетті құру бағытын ұстануда», - деп атап өтті ол. «Нұр Отан» партиясының жамбылдық облыстық филиалының №52 бастапқы ұйымына облыстық мәслихат, облыс әкімі аппаратының, облыстық басқарма және қалалық ішкі саясат бөліміндегі партия мүшелері кіреді. Жамбыл облысында партияның 399 бастапқы ұйымы қызмет етуде. Оның құрамында «Нұр Отан» партиясының 62 488 мүшесі бар.

Соңғы жаңалықтар