+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

«Сыбағаға» бөлінген миллиондарды талан-таражға салған шаруа қожалықтары анықталды

2020 жылғы 21 қыркүйек 14:27
Бөлісіңіз:
«Сыбағаға» бөлінген миллиондарды талан-таражға салған шаруа қожалықтары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Сыбаға» бағдарламасына бөлінген 230 миллионнан астам теңгені талан-таражға салған шаруа қожалықтары анықталды. Бұл туралы ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясына қатысушыларға 4 млн теңгеден астам сыйақы төленді

«Павлодар облысында «Сыбаға« мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға субсидия түрінде бөлінген 233 млн теңгені шаруа қожалықтарының талан-таражға салу фактісі анықталды. Тергеу барысында күдіктілер 96 миллион теңгеден астам қаражатты қайтарды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Жанат Элимановтың атап өтуінше, мұндай жедел алдын алу шарасы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Сондықтан алдағы уақытта мұнай мен мұнай өнімдері, шетелге капиталды заңсыз жылыстату салаларында көлегейлі айналымға қарсы тұруға бағытталған алдын алу шаралары қолға алынатын болады.

Мұнан бөлек, комитет төрағасы «Маңғыстаумұнайгаз» қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іске де тоқталып өтті.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бейсенбинге, оның орынбасары Дәуленбаеваға, сонымен қатар азамат Лисовойға қатысты іс тергеліп жатыр. Олар жалған келісімшарттар жасау арқылы 450- млн теңгеден астам қаржыны ұрлау күдігіне іліккен», - деді Жанат Элиманов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT