Светлана Подобедова әлем чемпионатына қатыспайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық штангашы және 2012 жылғы Олимпиаданың чемпионы Светлана Подобедова Алматыда өтетін әлем чемпионатына жарақаты салдарынан қатыса алмайды, деп хабарлайды sports.kz.

"Өкінішке қарай, Светлана Подобедова жарақаттанып қалды, оның сол жақ санының үстіңгі бөлігінің бұлшық еті жарым-жартылай жыртылды. Денсаулығын қалпына келтіру үшін спортшыға бір айдай уақыт қажет. Сондықтан ол турнирге қатыса алмайды, - дейді Қазақстанның ауыр атлетика бойынша Бас жаттықтырушысы Алексей Ни.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Светлананың орнына Анна Нұрмұхамбетова шығады", - деді Алексей Ни.

Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионаты 8-16 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар