Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Сұйытылған мұнай газын сатып алу келісімшарттары қайта қаралып жатыр

2022 жылғы 7 қаңтар 17:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел аумағында террорлық қауіптің шекті «қызыл» деңгейі енгізілуіне байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын күнделікті бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Энергетика министрлігі және «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясымен бірлесіп елдегі сұйытылған мұнай газының шекті бағасын тұрақтандыру жұмысын атқарып жатыр.

Бағаны шектеу туралы бұйрық қабылданғанға дейінгі көтерме бағамен газ сатып алған кәсіпкерлер шығынға батпау үшін жасалған келісімшарттар қайта қаралу керектігі ресми түрде хабарланды.

Агенттік кәсіпкерлерді мемлекет бекіткен бағаны сақтап, газ босату көлемін шектеумеу шарттарын бұлжытпай орындауға шақырады», - деді делінген агенттіктің ресми мәліметінде.


Автор:

Есімжан Нақтыбай

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары