Сұйытылған газ өндірушілер мұнай өнімдерін электронды сауда арқылы сатуға көшті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы сату басталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш жыл ішінде (2019-2021 ж.ж.) электронды сауда алаңдары арқылы сатылатын сұйытылған газ көлемі кезең-кезеңімен өсті. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап тауар биржалары арқылы (сұйылтылған мұнай газын мұнай-газ (СМГ) химиясы өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіп тұтынушылары және топтық резервуарлық қондырғылар арқылы СМГ-ын тұтынатын абоненттер үшін СМГ-ын өткізуді қоспағанда) сұйытылған мұнай газы саудасына 100% өту жүзеге асырылды.

Сұйытылған мұнай газын электрондық сауда-саттық арқылы өткізу нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасайды және сұйытылған мұнай газының қажетті көлемін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстанда сұйытылған мұнай газын тұтыну жыл сайын артып келеді. Бұл ретте СМГ-ын өндіру көлемі өткен жылдар деңгейінде сақталып, өскен жоқ.

Электронды саудаға көшу сұраныс пен ұсыныс негізінде сұйытылған мұнай газының бағасын теңдестіруге және жаңа өндіріс орындарын құруға инвестициялар тартуға да мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, нарықтық механизмдер бәсекенің дамуына оң әсерін тигізіп, өнімсіз делдалдардың нарыққа әсерін азайтып, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызады.

2022 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша жеткізушілер Маңғыстау облысы үшін өндірушілерден 17 406 тонна сұйытылған мұнай газын сатып алды. (Жеткізу жоспары бойынша бөлінгеннің 96,5%).

Осылайша, Маңғыстау облысына қаңтарда сұйытылған газ жеткізудің орташа көтерме бағасы 133 126 теңге/тонна немесе 78 теңге/литр құрады.

Бұл ретте бөлшек сауда бағасы Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында 100-120 теңге/литр болды.


Соңғы жаңалықтар