Сұйытылған газ бағасын тұрақты ұстау мерзімі келер жылдың маусымына дейін ұзартылмақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚР аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығына өзгеріс енгізіледі. Құжат талқылау үшін «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейінгі бұйрыққа сәйкес, сұйытылған мұнай газының бағасын тұрақты ұстап тұру мерзімі 2023 жылдың 1 қантарында аяқталады. Сондықтан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі оны ұзартуды ұсынып отыр.

«Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 30 маусымға дейін қолданылады. Сұйытылған мұнай газ нарығының бөлшек сегментінде еркін баға белгілеу жағдайында бағаның күрт өсу және қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің пайда болу қаупі бар.Осыған байланысты, автогаз құю станцияларынан Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің бағасын реттеуді 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту ұсынылады.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша агенттік автогаз құю станцияларынан сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар енгізіп, уақытша мемлекеттік бағалық реттеу енгізді. Өңірге байланысты литріне - 70 теңгеге дейін», - делінген ашық талқыға шығарылған құжатта.

Еске салайық, бұған дейін Парламент Мәжілісінде сұйытылған газ бағасын реттейтін құжат талқыланатынын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар