Сұйытылған газ бағасын реттейтін құжат талқыланады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің қайта реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын қарамақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілісітң жалпы отырысында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау аталған құжаттың не үшін әзірленгенін түсіндірді.

«Бұл заң жобасына Парламент Мәжілісі депутаттары сұйытылған газ саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатымен бастамашы болды. Аталған заң жобасы сұйытылған газ бағасының қалыптасу процесі мен таратылуын нарық шарттарын ескере отырып реттеуге, көлеңкелі айналым мен өңірдегі сұйытылған газдың заңсыз шығарылуын болдырмауға бағытталған», - деді Альберт Рау.


Соңғы жаңалықтар