Суырларды заңсыз аулап, басына бәле тілеп алды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Егіндікөл ауданында суырларды заңсыз аулаған азамат жауапқа тартылды.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Егіндікөл аудандық соты С. деген азаматқа қатысты «Ақмола облыстық орман және аң аулау қожалығы аумақтық инпекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (РМҰ) шығынды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта азамат С. аң аулауға тиым салынған уақытта суырларды заңсыз аулағаны анықталды.

ҚР аумағында аң аулау ережесіне сәйкес, суырларды аулау уақыты 15 маусымнан бастап қысқы ұйқысына дейін белгіленген.

Ал, азамат С. болса, суырларды рұқсат мерзімінен бұрын аулап, өзінің заңсыз әрекетімен мемлекетке 37 040 теңге көлемінде шығын әкелген.

Соттың шешімімен заңсыз аңшылықпен айналысқан С. деген азаматтан келтірілген шығынды өндіріп алу туралы «Ақмола облыстық орман және аң аулау қожалығы аумақтық инпекциясы» РММ-нің талап, арызы толық қанағаттандырылып, кінәліге мемлекет пайдасына 37040 теңге төлеу міндеті жүктелді.

Соңғы жаңалықтар