Сүйіндік Алдашев Сенат комитетінің төрағасы болып сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы қызметіне Сүйіндік Алдашевтің кандидатурасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Палатаның Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы қызметіне Сүйіндік Тәсеменұлы Алдашевтің кандидатурасы ұсынылды. Осылайша Сүйіндік Алдашев аталған комитет төрағасы болып бірауыздан сайланды.

Сүйіндік Тасеменұлы - Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі. Сенат депутаты болып Маңғыстау облысынан сайланған.

Ол 1963 жылы 25 маусымда дүниеге келген. 1986 жылы И.М.Губкина атындағы мұнай және газ институтін бітірген, 2008 жылы Орталық-Азия университетін бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы - Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасында токарь, бұрғышының көмекшісі, бұрғышы шеберінің көмекшісі, өндірістік қызмет көрсету базасының инженері, бұрғылау шебері, Жаңаөзен бұрғылау жұмыстары басқармасының технология бөлімі бастығының орынбасары болып бастады.

1994-1996 жылдары - «КазТрансОйл» АҚ «Өзен» магистралды мұнайқұбырлары оңтүстік басқармасының бастығы;

1996-1998 жылдары - «КазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнайқұбырларын басқару басқармасы батыс филиалы бастығының орынбасары;

1998-1999 жылдары - «КазТрансОйл» АҚ «Ақтау» батыс филиалының бастығы;

1999-2000 жылдары - «КазТрансОйл» АҚ батыс филиалы мұнайқұбырларын пайдалану бөлімінің бастығы;

2000-2004 жылдары - Бас инженер, директордың бірінші орынбасары, «КазТрансОйл» ЖАҚ Ақтөбе филиалының директоры;

2004-2010 жылдары - «КазТрансОйл» батыс филиалының Маңғыстау мұнайқұбырлары басқармасының магистралды құбырларды пайдалану қызметінің бастығы;

2010-2012 жылдары - «КазТрансОйл» батыс филиалы мұнайқұбырлары Маңғыстау басқармасының бас инженері;

2012-2017 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары;

2017 жылдың қараша айынан «Қаражанбасмұнай»АҚ бірінші вице-президенті лауазымын атқарған.

«Аманат». партиясының мүшесі.

Құрмет орденімен марапатталған.


Фото: senate.parlam.kz


Соңғы жаңалықтар