Сүйіктісіне гүл сыйламақшы болған ақмолалық суға батып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сүйіктісіне өзен лала гүлін жұлып алмақшы болған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, маусымның 22-де кешкі сағат 18:48 құтқару қызметінің байланыс пультіне Жабай өзенінде адамның суға батып кеткендігі туралы хабарланды.

«Анықталғандай, 52 жастағы ер адам азаматтық некедегі жұбайымен Жабай өзеніне балық аулауға барған. Бір сәтте, ер адам суға түсіп, сүйіктісіне лала гүлін жұлып алып бермекші болған. Алайда, жағаға шығарда ер адам суға батып кетті», - деді ведомстводан.

Іздестіру жұмыстарына Ақмола облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды. Бүгін таңертең ер адамның денесі өзен бойындағы өсімдіктердің арасынан табылды.


Соңғы жаңалықтар