Сутегі қозғалтқышы бар әлемдегі алғашқы автомобиль Жапонияда 15 желтоқсаннан бастап сатылымға түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Никкэй симбун" газетінің хабарлауынша, Еуропа мен АҚШ-та бұл машинаны келер жылдың жазында-ақ сатып алуға болады.

Жапонияда Toyota ел үкіметінің көлікті сатып алған әрбір адамға 17 мың доллар көлемінде субсидияды бөлуді уәде етуінің арқасында жылдың соңына дейін шамамен 400 Mirai-ды сатпақшы.

Компанияның мәліметтерінше, Mirai қозғалтқышының жұмысы тек сумен жүзеге асырылады: атмосфераға ешқандай зиян қалдықтар шығарылмайды. Автомобильдің багына сутегі отыны үш минутта толық толтырылады. Бұл шамамен 650 шақырымдық жолға жетеді, отын бір шақырымға есептегенде шамамен 10 иенді ($0,09) құрайды.

Келесі жылы тағы бір жапониялық фирма - Honda осындай автомобильді шығаруды жоспарлап отыр. Күтіліп отырғандай, оның бағасы Mirai бағасымен бірдей болмақ.

Соңғы жаңалықтар