Сусымалы тері синдромына шалдыққан Ернарға ота жасалды

None
None
  АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда 6 жасар Ернар Әлібековке  блефаропластика жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ернарға «қабақтың қайырылуы» диагнозы бойынша жасалған ота сәтті шыққан.

 «Кірпігі ішіне қарай өсіп бара жатқан соң, қабағына ота жасау керек болды. Түсіп тұратын қабағын көтергеннен кейін, кірпіктері де сыртқа қайырылды. Көздері ашылып, доп-домалақ болып қалды. Әлі бетінің ісігі қайтқан жоқ, көгеріп тұр. Бәрі жақсы болса, 20 тамыз күні жіптерін шешеміз. Отаны тек көзінің үстіңгі жағына ғана жасадық, астыңғы бөлігін емдеу күрделірек болды. Отаны квота арқылы жасатпақ едім, бірақ күтуге тура келді. Бала болса қиналып кетті. Сондықтан ақылы операцияға жүгіндім. 112 мың теңгеге шықты»,-деді Зебинса Төлебергенова.

Анасының Зебинсаның айтуынша, Ернар 40 минутқа созылған емдеу шарасын ойдағыдай өткерген.

«Құжаттарымызды жинап, дайындалып келгенімізге қарамастан дәрігерлер алғашында ота жасаудан бас тартты. Кейін асқынулар болып, басқа да ағзаларына зақым келетінін айтса да тәуекелге бардық. Артынан  барлық операция командасымен сөйлесіп, рұқсат алдық. Әдетте  15-20 минутқа созылатын ота біздің Ернар үшін  40 минутқа созылды. Көп қиналған жоқ, 1 күннен кейін балаларға қосылып ойнап кетті. Астанаға келдік»,-деді анасы.

Анасының сөзінше, дәрігерлер тек 18 жастан кейін ғана келбетін қалпына келтіру үшін пластикалық ота жасауға кеңес берген.

Соңғы жаңалықтар