Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Сурдлимпиада жеңімпаздарына 250 мың долларға дейін сыйақы және пәтер беріледі

2022 жылғы 27 маусым 16:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында XXIV сурдлимпиада Қазақстан намысын қорғап, жеңімпаз атанған спортшылар марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сурдлимпиада ойындарында біздің ойыншылар жақсы ойын көрсетті. Мақтанышпен айтуға болады. Барлығы 28 медаль қоржында, оның ішінде 3 алтын, 7 күміс және 18 қола бар. Бүгін жеңімпаздарды марапаттау салтанатын өткізіп жатырмыз. XXIV сурдлимпиадаға елімізден 100-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан бұл бәсекеге осымен жетінші рет қатысып отыр. Алдағы уақытта сурдлимпиадада ел намысын қорғайтын спортшы көбейе түседі деген ойдамын», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев.

Вице-министрдің айтуынша, қазақстандықтар XXIV сурдлимпиадаға спорттың 8 түрінен қатысты.

«Сурдлимпиада спортшыларын кеңінен насихаттау керек. Ерекше спортшыларымыз қол-аяғы сау спортшылармен бірдей ел намысын қорғап жүр. Спорттың қай түрінен жетістікке жетсе де, мемлекет тарапынан бәріне бірдей қаржылай сыйақы қарастырылған», - дейді ол.

Министр орынбасарының мәліметінше, XXIV сурдлимпиадада 1 орын алған спортшыға 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы беріледі.

2 орынға - 150 мың доллар, ал 3 орын иеленген спортшыға - 75 мың доллар сыйақы табысталады.

Одан бөлек, С. Ерғалиев жеңімпаз болған спортшыға 3 бөлмелі пәтер, 2 орын иеленсе 2 бөлмелі, ал 3 орынға тұрақтаған ойыншыға 1 бөлмелі пәтер беріледі.

Аталған салтанатты шарада спортшылардан бөлек жаттықтырушылар да сый-марапатқа ие болды.

Айта кетсек, XXIV сурдлимпиа ойындары биыл 1-15 мамыр аралығында Бразилияның Кашиас-де-Сул қаласында өтті.


Автор:

Дәулет Ізтілеу

Новости по теме