Сұранысқа ие ТОП-10 жеңіл автокөлік анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпан айында еліміздің автонарығындағы сатылым қаңтармен салыстырғанда 1,4 пайызға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан автобизнес қауымдастығына сілтеме жасап.

Диллерлерде автокөліктердің болмауы, өткен жылдан қалған автокөліктерді қайта сату - қыстың соңғы айындағы сатылымға едәуір әсер еткен. Десе де, биылғы ақпан айының көрсеткіші өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда 3,3 пайызға артық болып отыр.

«Ресми диллерлер ақпан айында 4 256 жеңіл және жеңіл коммерциялық автокөлік, 124 ауыр жүк көлігі мен арнайы техника, автобус сатқан. 2019 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша 8 846 автокөлік (өткен жылдың алғашқы екі айында 7 526) саудаланған», - деп хабарлайды қауымдастықтан.

Сатылған брендті жеңіл автокөліктердің ондығын Lada (1 249, +23%), Toyota (817, -15,5%), Hyundai (696, -12,6%), Kia (284, -15,7%), Renault (173, +15,3%), Volkswagen (144, -25.8%), Nissan (143, +2.9%), Lexus (123, +2,5%), Chevrolet (58, -19,4%) және Skoda (55, +17%) құрады.

Жеңіл автокөліктерді есепке алғанда, Алматыдағы таксопарктердің Lada Granta автокөлігін жаппай сатып алуының нәтижесінде аталған марка ең көп сатылатын (488) көліктің көшін бастаған. Екінші орында Lada 4x4 (347) болса, соңғы үш жылдың бестселлері Toyota Camry (339) үшінші орынды түйіндеп отыр. Одан кейінгі тізімді Hyundai Tucson (335) Lada Vesta (234), Toyota LC Prado (208), Hyundai Accent (199) және Lada Largus (140), Toyota Hilux (105) мен Hyundai Elantra (105) жалғайды.

Соңғы жаңалықтар