СУПЕРПРЗЕИДЕНТТІК БАСҚАРУ ФОРМАСЫНАН ПАРЛАМЕНТІ КҮШТІ ПРЕЗИДЕНТТІК РЕСПУБЛИКАҒА КӨШЕМІЗ – ТОҚАЕВ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға көшеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге Қазақстан дамуының саяси моделін қайта құру бойынша сындарлы қадамдар қажет. Мұнда ең алдымен, суперпрезиденттік басқару формасынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу туралы айтылып отыр. Мұндай жүйе билік институттарының қолайлы теңгерімін қамтамасыз етеді және елдің орнықты дамуына ықпал ететін болады. Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымзды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет қағидатын басшылыққа аламыз», - деді Президент.

Қ. Тоқаев Қазақстанда суперпрезиденттік басқару нысаны еліміздің бастапқы кезеңінде орынды болғанын да атап өтті.

«Тек бастапқы кезеңде ғана емес, 30 жыл бойы белгілі бір деңгейде орынды болды. Бірақ біз бір орында тұрмаймыз. Қоғам өзгеруде, ел өзгеруде. Оған біздің саяси жүйеміз де бейімделуге тиіс. Қазір бәрі Президентке келіп тіреледі, бұл дұрыс емес. Мұндай тәжірибеден біртіндеп кету керек. Мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделері мен үшін биліктің қосымша тетіктерінен және ситуациялық ықпалдан да маңыздырақ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар