Супер ауыр салмақтағы Ізім Ізбақи екінші жекпе-жегінде кіммен айқасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 жастағы қазақстандық боксшы, супер ауыр салмақта өнер көрсететін Ізім Ізбақи (1-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі екінші жекпе-жегін 15 ақпан күні АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бокс кеші Канзас штатындағы Малвэйн қаласында өтеді. BoxRec.com-ның хабарлауынша, жерлесіміз 35 жастағы америкалық Майкл Гленмен (4-15-3, 1 КО) айқасады. Жекпе-жек төрт раундқа шақталған.

Айта кетейік, осы бокс кешінің аясында Қазақстанның тағы бір өкілі Бахтияр Эюбов та (14-0, 12 КО) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы әлі белгілі емес. Боксшылардың промоутері - Украинада туып-өскен америкалық Дмитрий Салита.

Соңғы жаңалықтар