Сүңгуір құтқарушылар Алакөлге батқан жүргізушінің денесін тапты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сүңгуір құтқарушылар Алакөлге батқан жүргізушінің денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қаңтар күні сағат 15:10 шамасында «Нива» маркалы автокөліктің жүргізушісі Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өтпек болған. Мұз жамылғысы сынып, көлік суға батып кетеді. Көлікте отырған жолаушы шығып үлгереді. Өкінішке қарай, жүргізуші көлік салонынан шыға алмай, суға батып кеткен болатын.

Бүгін 14 қаңтарда Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен шығарды. Құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ күштері мен құралдары, Абай облысының жедел құтқару жасағынан 4 адам, 1 техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам мен 6 техника тартылды.


Фото: t.me/qr_tjm

Соңғы жаңалықтар