+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Сүндет Байғожин Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болды

2020 жылғы 31 мамыр 19:14
Бөлісіңіз:
Сүндет Байғожин Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Белгілі опера әншісі Сүндет Байғожин Қызылорда облысы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақан Сатаев «Қазақфильм» АҚ президенті қызметіне тағайындалды Қазақстанда апта ішінде орын алған кадрлық тағайындаулар Қызылорда облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасына жаңа басшы келді

Сүндет Абдрахманұлы Байғожин 1984 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясында «Жеке ән айту» мамандығы бойынша білім алды. «Астана Опера» театрының жетекші опера әншісі қызметін атқарды. ҚР Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

«Опера әншісі Сыр өңірінің өнерін, оның ішінде классикалық музыканы дамытуға атсалысады. Аймақ өнерпаздарын белгілі опера жұлдыздарымен тәжірибе алмастырып, жаһандық сахнаға шығаруға еңбек етеді деп жоспарлануда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT