Sunday Airlines борты Мысырға туристерді алып келуге аттанды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Sunday Airlines авиакомпаниясының борты Мысырға туристерді алып келуге ұшты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін Алматыдан Sunday Airlines компаниясының ұшағы шықты, ол Шарм-эш-Шейхте дем алып жатқан туристерді алып қайтады. Шарм-эш-Шейхтен ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 13.15-те ұшады. Бұл 490-ші рейс, ол Мысырдан Алматыға кеше, 5 тамызда Мысыр уақыты бойынша сағат 22.10-да шығуы тиіс болатын», - деп хабарлады Easy Travel туристік компаниясының басшысы Нұралхан Бисенов.

Еске салсақ, Sunday Airlines чартерлік рейстерінің барлық бағыттар бойынша кестесінде іркіліс үшінші күнге жалғасуда. Туроператорлардың ақпаратына сәйкес оған авиакомпаниядағы ұшақтардың бірінің сынуы себеп болған. 5 тамызда үйлеріне қайтуы тиіс Мысырдағы туристер 8 тамызға дейін сонда қалып қоюы мүмкін екені хабарланған. Бүгін компания Мысырдан туристерді тасымалдау үшін ұшақ тапты. Ал басқа бағыттар бойынша чартерлердің бөгелуі жалғасуда. 8 тамызда ұшуы тиіс Атыраудан Анталияға дейінгі рейс 6 сағатқа жылжытылды.

Соңғы жаңалықтар