Сүмөлөк, палау, самса – өзбекстандықтар Наурызды қалай тойлайды

Автор:  
Смағұлова Еркежан

Сүмөлөк, палау, самса – өзбекстандықтар Наурызды қалай тойлайды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында Наурыз мейрамы кең көлемде тойлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ташкенттегі жаппай халықтық мерекелер қаланың барлық жерінде – Anhor, Ashgabat, Central Park, Tashkent City Park, Magic Сity және басқа да танымал орындарда өтіп жатыр.

Фольклорлық-этнографиялық топтар ән айтып, би билеп өзбек ұлттық мәдениетінің бай мұрасын көрсетті.

photo

photo

photo

photo

photo

photo

Арқанмен жүрушілер, ұлттық киімдер көрсетілімі, халық қолданбалы өнерінің көрмесі, балалардың көңілді билері баршаға қуанышты көңіл-күй сыйлауда.
Көктемнің келуін тойлау өзбек асханасынсыз өтпейді. Отта - палау, тандырда - самса, тостағанда - көк шай және Наурыздың басты тағамы - сүмөлөк. Бұл көне заманнан белгілі, үлкен қазанда күні бойы жанып тұрған отта пісірілетін, көктеп шыққан бидай дәнінен жасалатын тағам. Аңыз бойынша, Орталық Азияға қоныстанған алғашқы адамдар суық және ұзақ қыстан әзер шыққан. Көктемгі егіске дайындалған астық қорынан басқа жейтін ештеңе қалмаған. Ылғалдан суланған және көктеп кеткен дәндердің біразын қайнатуға тура келеді. Дайын болған тағамның құнарлығы жоғары болып, адамдарға өмір мен жаңару үшін күш береді-міс. Содан бері көктемгі күн мен түннің теңелуіне арнап сүмөлөк қайнату дәстүрге айналған.

photo

photo

photo

photo

photo

photo

photo

photo





Серіктестер жаңалықтары