Сұлтанбек Мәкежанов Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметіне Сұлтанбек Алмасбекұлы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметіне Сұлтанбек Алмасбекұлы Мәкежановтың кандидатурасы ұсынылды. Сенат депутаттары Сұлтанбаек Мәкежановтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Сұлтанбек Алмасбекұлы Жамбыл облысының Меркі ауданында туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын (1983) инженер-құрылысшы, Халықаралық еңбек академиясы (2004) мен Д.А. Қонаев атындағы университетті (2011) заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

1983 жылы - Талды ауданы райавтодорының жол мастері;

1983-1985 жылдары - инженер-геодезист, «Қарағандыпромстрой» ПМК трестінің мастері;

1985-1991 жылдары - Комсомол комитетінің хатшысы, инструктор, Алматы қалалық ГК ЛКСМК бөлімінің меңгерушісі;

1992-2002 жылдары - коммерциялық ұйымдарда басқарушы;

06-12.2002 жылы - Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі;

12.2002-02.2004 жалдары - Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы;

02.2004-01.2005 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;

01.2005-06.2006 жылдары - Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы;

06.2006-2008 жылдары - Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғат қолдануды реттеу департаментінің директоры;

03.2008-2010 жылдары - Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғат қолдануды реттеу басқармасының басшысы;

28.12.2010-05.2016 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі;

05.2016-04.2019 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары;

04.2019-08.2020 жылдары - Алматы қаласы Медеуауданының әкімі.

2019 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

2023 жылғы қаңтардан бастап Сенат депутаты болып қайта сайланды.

Фото: almaty.tv


Соңғы жаңалықтар