Сұлтанбек Астанов «Қайрат» футбол клубынан кетті

None
Фото: instagram.com/f.c.kairat
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық «Қайрат» футбол клубының 23 жасар қорғаушысы Сұлтанбек Астанов басқа клубқа ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайрат» ФК баспасөз қызметі мәлім еткендей, Сұлтанбек Астанов футболдағы мансабын енді «Ордабасы» клубында жалғастырмақ.

«Астанов «Қайрат» академиясына 2016 жылы түскен болатын. Келесі жылы ол Екінші лигада дебют жасап, 2018 жылы Бірінші лигада «Қайрат А» сапында ойнады. 2019 жылы негізгі құрамның ойыншысы атанды», - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қорғаушы Сұлтанбек Астанов «сары-қаралар» сапында 62 кездесу өткізіп, 3 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. «Қайрат» футбол клубы Сұлтанбекке жақсы ойыны үшін алғыс айтып, мансабында табысқа жетуіне тілектестігін білдірді.

Еске салсақ, Алматыда 14 наурыз күні «Қайрат» және «Каспий» футбол клубтары арасындағы матчтан кейін жанкүйерлер жаппай төбелес шығарған болатын. Ол күні алматылық «Қайрат» футбол клубы «Каспий» командасын 3:1 есебімен жеңген еді.


Соңғы жаңалықтар