Сұлтан Зәуірбек пен Нұртас Әжбенов кезекті жекпе-жектерін қашан өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жанкүйерлер үлкен үміт артып отырған қазақстандық боксшылар Сұлтан Зәуірбек (3-0, 2КО) пен Нұртас Әжбенов (2-0, 1КО) кезекті жекпе-жектерін 22 ақпан күні өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Осы боксшылармен жұмыс істейтін MTK Global менеджерлік компаниясының мәлімдеуінше, олар алдағы кездесулерін Лондондағы белгілі York Hall аренасында өткізеді. 22 жастағы Зәуірбек пен 24 жастағы Әжбеновке кім қарсылас болары әзірге белгісіз.

Соңғы рет қос боксшы да Лондондағы осы аренада 14 желтоқсан күні рингке көтерілген болатын.

Соңғы жаңалықтар