Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Суицид жасамақ болған: Өскеменде үсті-басы қан ер адам көшеде жүрген

2021 жылғы 18 қараша 17:42

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция қызметкерлері көшеде денесі қан-жоса болып жалаңаш жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Өскеменде үсті-басы қан болып, кеудесі жалаңаш жүрген ер адамның видеосы тарап кеткен. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары оны Михаэлис көшесінде тауып, ұстады.

«Анықталғандай, 37 жастағы азамат пәтерінің подъезінде суицид жасамақ болып, өз-өзіне дене жарақаттарын келтірген. Қазіргі уақытта Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», - делінген ақпаратта.

Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейтіндігін мәлім етті.



Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары