Суға тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифті қолдану тиімді - Н. Алдабергенов

None
None
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Суға тұтынудың көлеміне қарай сараланған тарифті қолдануды енгізу тиімді болып табылады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын барысында агенттік төрағасы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңға енгізілетін өзгерістерге тоқтала келе, бұл құжатта ұсынылған жаңалықтарға да тоқталып өтті. Оның айтуынша, заң жобасында суға тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді енгізу мүмкіндігі, өңірлік электр желілік компанияларына арналған тарифтерді бекіту үшін салыстырмалы талдаудың баламалы әдісін енгізу көзделеді. «Жалпы, суға тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді енгізудегі негізгі мақсат ‑ суды үнемдеуді ынталандыруға бағытталады. Ал суды үнемдеуге ынталандыру мен тұтыну көлемдерін төмендетудің екі жолы бар. Біріншісі - суға қатысты бағаны күрт өсіру. Бұл ‑ Еуропалық одақ елдерінің тәжірибесінде бар, бірақ еліміздегі жалақы деңгейінің айырмашылығына сәйкес, бұл әдіс Қазақстанға келіңкіремейді. Ал екінші жол - суға тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтерді қолдану. Бұл әдіс бойынша суды көп пайдаланушылар үшін тариф көтерілсе, үнемшілдер үшін тарифті төмендету қарастырылады. Қазақстанға да осы әдіс ыңғайлы. Өйткені, бұл бойынша суға тарифтердің күрт өсуі қарастырылмайды, сондай‑ақ тұтынушыны суды ғана емес, қаражатын да үнемдеуге ынталандырады », деді агенттік төрағасы.

Соңғы жаңалықтар