Суға шомылып жүрген жігіттің ажалы акуладан келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Сенбі күні  Массачусетс штатындағы Кейп-Код жарты аралындағы жағажайда суға шомылып жүрген 26 жастағы жігітке акула шабуыл жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті полиция басқармасының әлеуметтік желіде жазуынша, зардап шеккен жігітті судан алып шығып, шұғыл тиісті жедел жәрдем көрсетілген.

«Бірақ ажалдан аман алып қалу мүмкін болмады. Ол ауыр жарақат салдарынан Кейп-Код ауруханасында көз жұмды», делінген хабарламада.

Қаза тапқан жігіттің кім екендігі айтылмай отыр.

Соңғы жаңалықтар