Суға батып бара жатқан жамбылдық жігіт құтқарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында суға батып бара жатқан жас жігіт құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы жағажайда 2001 жылы туған жігіт суға шомылу кезінде өзінің күшін асыра бағалап, нәтижесінде суға бата бастаған. Ал бұл уақытта аталған су көзінде кезекшілік атқарып тұрған Жедел құтқару қызметінің құтарушылары әлгі жігітті судан құтқарған.

Суға батқан адамды жедел құтқарған құтқарушылар шұғыл түрде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді де естен шығармаған. Нәтижесінде суға батқан адам медициналық қызметті қажет етпегендіктен үйіне қайтарылған. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған орай, ТЖД таныс емес және рұқсат етілмеген су көздеріне шомылуға болмайтындығын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар