+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Суға батып бара жатқан балаларды құтқарған отбасы марапатталды - СҚО

2019 жылғы 9 қараша 16:32
Бөлісіңіз:
Суға батып бара жатқан балаларды құтқарған отбасы марапатталды - СҚО

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қараша айының басында суға батып бара жатқан екі кішкентай баланы құтқарған Воробьевтар отбасын марапаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жоғалған қызды іздестіруге 50 полиция қызметкері жұмылдырылды Ішкі істер министрі қызды құтқарған полицейлерді марапаттады Шымкентте екі жұмысшының мерт болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, кешқұрым Владимир Воробьев көл жақтан балалардың жанұшыра айқайлаған дауысын естиді. Ер адам үйінен атып шығады. Әрі қарай орын алған көрініс, тіпті қорқынышты: көрші қыз жағадан 15 метр жерде мұз үстінде тұрған, ал екі кішкентай бала судан шыға алмай жатқан. Кейіпкеріміз ойланбастан мұз үстімен бірден оларға жүгіріп барады. Кенет ол балалардан бір-екі метр қашықтықта мұзға құлап түседі. Бірақ, алға қарай қозғалуын жалғастыра береді.

Болонья матасынан тігілген күртешелер балаларды әлі су бетінде ұстап тұрған. Владимир ұлдарды қатты қыса ұстап алады,бірақ ең қиыны алда еді. Бұл жерде көлдің тереңдігі 3 метрдей болатын, суда қалған адамдардың ешқайсысын мұз ұстап тұра алмады.

«Балаларды сынған мұз үстіне кезекпен лақтыруға тура келді. Осылайша, біз табанымыз жерге тигенше жағаға қарай жылжуға әрекет еттік. Онда менің әйелім Татьяна күтіп тұрды. Ол балақайлардың айқайларын естіген сәтте менің артымнан жүгіріп шыққан екен. Мен, тіпті, киініп үлгермей, жалаң аяқ шығып кеттім. Балаларды үйге алып келіп, су болған киімдерін шешіндіріп, оларды жайып, жылытып, кейін ата-аналарына хабарластым», - деді В. Воробьёв.

Мәлім болғандай, 8 жасар Евгений мен 10 жасар Леонид Домашнее көлінің мұзына сырғанамақшы болған. Балалардың шалағайлығы сәл болмағанда қайғылы жағдаймен аяқталар ма еді, бәлкім?!

Владимир мен Татьяна Воробьевтар 35 жаста. Бүгінде үш бала тәрбиелеп отыр. Олар өздерінің бұл әрекетін ерлік деп санамайды. Олардың орнында басқа адамдар болса да дәл осылай жасайтынына сенімді.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің құқықтарына сәйкес, Владимир мен Татьяна Воробьевтарды марапаттауға ұсыныс дайындалуда», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Авторы:

Олеся Жуковень

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT