Суға батқан көлік жолаушылары ағашқа өрмелеп, аман қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Суға батып бара жатқан автокөліктен секіріп, ағашқа өрмелеп шығып кеткен екі адам екі сағат бойы құтқарушыларды күткен, деп хабарлайды РИА Новости Қиыр шығыс өңірлік іздеу-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Саяхатшылар Пржевальскі жартастарынан қайтып келе жатқан. Екатериновка ауылынан бірнеше шақырым жерде орналасқан көпірден өте берген кезде олардың автокөліктері суға бата бастаған. Ер адамдар бірден көліктен секіріп, ең жақын тұрған ағашқа өрмелеп шыққан. Көлік ішіндегі бар мүлікпен, құжаттармен суға құлаған», делінген хабарламада.

Ведомоствода мәлім еткендей, зардап шеккен азаматтардың көмекке шақырған дауыстарын жақын маңда орналасқан кәсіпорынның күзетшісі естіп, дереу құтқарушыларға хабарлаған.

Аман қалған туристер екі сағат бойы ағашқа ілініп тұруға мәжбүр болғандарын айтты. Ер азаматтың біреуі суда жүзе алмайтындықтан қасындағының көмегімен аман қалған.

Соңғы жаңалықтар