Суға батқан бүлдіршінді түркістандық дәрігерлер аман алып қалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 4 жасар бүлдіршін абайсызда суға батып кеткен. Алайда кішкентай қызды әкесі құтқарып қалып, жедел жәрдем қызметін шақыртқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Келеңсіз жағдай Келес ауданына қарасты Ошақты ауылында орын алған. Аулада ойнап жүрген Айару Әбдіқадыр үйінің жанындағы үлкен арыққа құлап кеткен. Бүлдіршін шамамен 10 минуттай суда қалып қойған. Әкесі судан қызын алып шыққанда ол көгеріп, ес-түссіз жатқан.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері балаға алқашқы медициналық көмек көрсетіп, беті бері қараған. Мамандар қыздың өкпесінен су шыққан соң, ол тыныс ала бастаған. Осылайша жедел жәрдем қызметкелерінің кәсіби біліктілігі мен көмек көлігінің қажетті техникамен толық жабдықталуының арқасында суға батқан бүлдіршін аман қалды. Бүгінде балақай Абай ауылындағы Орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Жансақтау бөлімінде жатқан кішкентай Айарудың денсаулығы жақсарып келеді. Ол жансақтау бөлімінен ауыстырылып, тиісті ем алуын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар