Суды тұтыну нормалары нақты тұтыну көрсеткіштерінен артық болып отыр - Н. Алдабергенов

None
None
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ Республиканың барлық өңірлерінде суды тұтыну нормалары нақты тұтыну көрсеткіштерінен артық болып отыр. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер суды тұтынудың белгіленген нормаларын алып қарайтын болсақ, онда Алматы қаласында бір адамға шаққанда тәулігіне тұтыну нормасы 280 литрді құрайды, ал нақты тұтыну 215,5 литр болып отыр. Астанада бір адамға шаққанда тәулігіне 250 нақты тұтыну нормасы кезіндегі көрсеткіш 165 литрге тең болып отыр. Ал Павлодарда бір адамға тәулігіне 300 литр норма болып белгіленсе, нақты көрсеткіш бойынша бұл - 147 литрден аспайды. Яғни, нормалар нақты тұтыну көрсеткіштерінен әлдеқайда артық», деді агенттік төрағасы.

Сонымен бірге, Н. Алдабергенов еліміздегі су ресурстарының қорларына тоқтала отырып, бұндағы су қорларының да шектеулі көрсеткіште екендігін атап өтті. Мәселен, оның айтуынша, жерүсті суларды жылына 19,3 млрд. куб текшеметр деңгейінде пайдалану барысында орта есеппен жыл сайынғы ағынды судың мөлшері 42,6 млрд. куб текшеметрді құрайды екен. Ал жерасты суларын жылына 1,3 млрд куб текшеметр деңгейінде пайдаланса, олардың қайта толмайтын қорының мөлшері 17,4 млрд. куб текшеметрді құрайды.

«Осының өзі «көп тұтынсаң - көп төлейсің, аз тұтынсаң - аз төлейсің» деген қағидатты сақтай отырып, суды тұтыну мөлшеріне қарай сараланған тарифтерді енгізу қажеттігін көрсетеді», деді агенттік төрағасы. 

Соңғы жаңалықтар