Суда шомылу қауіпсіздігінің ережелері қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаз маусымындағы күннің ыстығында суға, соның ішінде шағын тоғандар, өзен-көлдерге түсіп, демалушылар саны артататыны белгілі. Бұл ретте шомылу орындарында болатын қайғылы оқиғалардың саны да арта түсетіні анық. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары шомылу маусымында қандай ережелер ұстану қажеттігі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шомылу маусымында оқыс оқиғалардан туындайтын қауіптілік деңгейі жоғары дәрежеде қала береді. Бұл жерде бірінші кезекте әсіресе балалар қауіпсіздігіне барынша назар аударылуы тиіс. Жалпы жұрт суға кету оқиғасын - судың ортасында тұншыққан адамның айқайлап құтқарушыларды көмекке шақыруы деп елестетеді, ал негізінде бұл олай емес, керісінше суға кету біршама тыныш процесс. Сондықтан да, суға түсерде ережелерді сақтап, өзіңе де, айналаңа да мұқият болу керек.  Суда ойнап, шомылып жүрген балалар тынымсыз болатынын естен шығармау керек. Ал олар тынышталып қалса дереу алаңдап, көмекке ұмтылу қажет», - дейді Орталық сарапшылары.

Сонымен қатар, сарапшылар судағы, су жағасындағы демалыс барысында есте болуы тиіс қауіпсіздік шараларын да алға тартып отыр. Мәселен, олар суға кету оқиғасының алдын алатын 6 ережені ескертеді:

1. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін сулардан алысырақ қауіпсіз алаңдарды, ойнайтын орындарды қамтамасыз ету.

2. Балалардың абайсызда суға түсіп кетуінен сақтайтын қоршаулар орнату.

3. Мектеп жасындағы балаларды (6 жастан жоғары) жүзу дағдыларына, судағы қауіпсіздік ережелеріне үйрету, оқыту.

4. Су тасқыны және басқа да қатерлер туындағанда жасалатын  шараларға үйрету.

5. Суға кеткендерді құтқару, оларға алғашқы көмек көрсету дағдысына үйрету.

6. Қайықтарды, кемелер мен паромдарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Соңғы жаңалықтар